Біздің табысымыз - Елбасымыздың сарабдал саясатының жемісі - А.Потиченко, БҚО

АЛ. 25 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Александр Потиченко - өңірге танымал құрылыс майталманы, «Альтаир» құрылыс компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы.
None
None

Орал қалалық мәслихатының депутаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» А.Потиченко таяуда «Орал қаласының құрметті азаматы» атанды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың БҚО-ға сапары кезінде онымен бірнеше рет жүздескен Александр Потиченко тәуелсіздік жылдарындағы табыстар туралы былайша әңгімелеп берді.

-«Альтаир» компаниясы елі­міздің тәуелсіздік алуымен тұспа-тұс құрылған болатын, деді ол. Тәуелсіздікпен бірге біздің фирмаға да 20 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде компаниямыз тарапынан көп жұмыс тындырылды. Атап айтар болсақ, қаламызда жалпы ауданы 16 мың шаршы метр болатын сау­да орындарын салдық. 69 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй құрылысын бітіріп, пайдалануға бердік. Әр пәтердің ауданын 60 шаршы метр деп есептегенде 1000-ның үстінде жанұя жаңа пәтерге ие болды. Ұзындығы 37 шақырым болатын су құбырлары мен кәріздерді жаңа заманғы технологиямен ауыстырдық. Үш медициналық нысан салынды. Мұның біріншісі - еліміздің экономикалық өрлеуінің алғашқы ке­зеңінде еуростандартымен бой көтерген Қазталов аудандық аурухана­сы болса, екіншісі де аталмыш ауданда салынған өкпе ау­­­руын емдейтін медициналық меке­менің ғимараты. Үшін­шісі - респуб­ли­калық ма­ңыз­­ға ие Жаңақаладағы оңал­­ту орталығы. Ай сайын 120 адам атал­мыш орталықтан ем алып, ден­саулығын жақ­сартуда. Бір айта кетерлігі, өзіміз тұр­ғыз­ған орталықты компания­мыздың қаражатынан облыс орталы­ғында жоқ жаңа медици­налық құралдармен жаб­дықта­дық. Бұлардан бөлек ірі жеті мектептің құрылысын аяқтап, пайдалануға бердік. Екі мектеп қалада салынса, бесеуі аудан орталықтарында бой көтерді. Қаратөбе, Сырым ауданы орта­лықтарында саз мектептері ел игілігіне пайдалануға берілді.

Алдымен өзіміздің әлеуетімізді дамытуға ерекше мән бердік. Қажет ғимарат­тың бәрін іргетасынан бастап, жаңадан тұрғыздық. Мейрамханадан кем түспейтіндей жұмыс­шыларымызға арналған асханамыз бар. Осы жерден итальяндық бетон зауытын тұр­­ғыздық. Есіктер мен терезелер жасайтын пластикалық це­хымыз бар. Бәрінен бұрын авто­көліктерімізге жылы гараж тұрғыздық. Яғни қақаған қыстың ішінде мәшинені қыз­дырып жатпай-ақ, кілтті салған бойда от алдырып, жүре беруге болады. Осылайша өндірістік мүмкіндігімізді күшейту арқылы жоғарыда айтылғандай көптеген жетістіктерге жетіп келеміз. Әрине, бұл жетістіктер жалпы ел экономикасының ілгерілеуімен де тығыз байланысты. Бұл - Отанымызды 20 жыл бойына кемеңгерлікпен басқарып келе жатқан Президентіміздің сарабдал сая­сатының жемісі. Сондықтан бізде жұмыс жасап, жоғары жетістіктерге жету, өз өлкемізді құлпырта түсу деген бір ғана мақсат бар. Мен өз елімді сүйемін. Өйткені бұл - менің туған жерім. Сол себепті барлық күш-жігерім мен білім-білігімді тек қана қаламыздың емес, облысымыздың, барша еліміздің экономикасының дамуына жұмсаймын. Барлық қазақстандықтарды алда келе жатқан Тәуелсіздіктің 20 жыл­дығымен құт­тықтаймын! Барша отандастарыма зор денсаулық, ырыс-ынтымақ пен құт-береке тілеймін. Біздің Отанымызда баянды бейбітшілік пен жасампаздық салтанат құра берсін!

«Бүгін «Нұр Отан» ХДП ХІV съезінде Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев алдағы мақсат-міндеттерімізді тағы бір айқындап берді. Сол үдеден абыроймен шығу - бәрімізге ортақ парыз», деп түйіндеді ойын А.Потиченко.

Соңғы жаңалықтар