Біздің жетістіктеріміз - халқымыздың еңбексүйгіштігі мен жасампаздығына негізделген заңдылық - Премьер-Министр К.Мәсімов
Бүгін Талдықорғанда Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын қолдап өткізілген «Берік іргеміз - Елбасымен біргеміз!» атты форумда Үкімет басшысы К.Мәсімов осылай айтты.
«Біздің халқымызға өзінің тәуелсіз мемлекетін құру бақыты бұйырды. Біз ата-бабаларымыз ғасырлай бойы аңсаған еркіндік жолымен, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге жүріп келеміз. Бұл Елбасының дана саясатының арқасында мүмкін болып отыр. Қазақстанды әлем танып отыр, біз өркениетті мемлекеттердің қатарына көтеріліп отырмыз. Мемлекет басшысының беделінің арқасында біз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болып отырмыз», деді Премьер-Министр өз сөзінде.
К.Мәсімов өз сөзінде сондай-ақ Президентіміздің әлемдік деңгейдегі саясаткер екенін атап өтті.