Бізге халықтың үлкен қолдауын, сенімін ақтау керек -Елбасы

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 10 жылдық жұмысты қорытындылай отырып, «Нұр Отан» халықтың қалың жігін біріктіріп, қазақстандықтарды жалпы ұлттық міндеттерді жүзеге асыруға жұмылдыра алды деп сеніммен айта аламыз.
None
None
Бүгін «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі Бюросының кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстандық қоғам өз басынан өткерген көптеген қиындықтардан кейін, елдің сындарлы күштері менің ұстанған бағытымды қолдау үшін «Нұр Отан» партиясына бірікті. Мемлекеттің стратегиялық бағытын қолдау мақсатында 100 мыңдаған халықтың біріге түсуі біздің еліміздегі маңызды тұрақтылықта айтарлықтай рөл атқарды. Біз біріге отырып, барлық қиындықтарды жеңдік, ТМД елдерінің ішінде алдыңғы қатарлы елге айналдық. Экономиканы жедел дамытып, халықтың әл-ауқатын жақсарттық. Қазақстанның әлемдік аренадағы ұстанымы нығая түсті. Бұған ең алдымен біздің партиямыздың, оның мүшелерінің тікелей септігі тиді», деді Елбасы. Сонымен қатар Н. Назарбаев 2006 жылы «Нұр Отан» қатарына жаңа партиялардың қосылуы - саяси партиялар ішінде «Нұр Отанның» көшбасшылыққа жеткенін көрсететінін атап өтті. Сондай-ақ Парламенттің бірқатар сайлау науқандарын бастан өткізгенін айта келе, Президент соңғы сайлауда халықтың «Нұр Отанға» басымдық беруі партияның ұстанған бағытының дұрыстығын білдіретіндігін айтты. «Бізге халықтың үлкен қолдауын, сенімін ақтау керек. 10 жылдық жұмысты қорытындылай отырып, «Нұр Отан» партиясының халықтың қалың жігін біріктіргенін, қазақстандықтарды жалпы ұлттық міндеттерді жүзеге асыруға жұмылдыра алғанын сеніммен айта аламыз», деді Н. Назарбаев.
Соңғы жаңалықтар