17:49, 06 Ақпан 2011 | GMT +5
Бізге хоккейшілер резерві қажет - бас бапкер А.Хомутов
АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Біз балалар арасындағы хоккейді дамытуымыз қажет. Бүгін Астанада 7- Қысқы Азия ойындары аясында өткен Қазақстан-Жапония кездесуінен кейін баспасөз мәслихатын өткізген қазақстандық хоккейшілердің бас бапкері Андрей Хомутов осылай айтты.
«Бүгінгі матч көрсеткендей, Қазақстанның құрама командасында ілгерілеу бар. Сондықтан осы жұмысты жалғастыра беру қажет. Ал, ең бастысы, біз балалар арасындағы хоккейді дамытуымыз қажет. Себебі бізде резерв болуы шарт», - дейді А.Хомутов.
Осы орайда бірнеше жылдан кейін шайбалы хоккейден Қазақстанның құрама командасы жоғары дивизиондарда өнер көрсете алатындығына сенім білдірген ол: «Бұның бәрі болады. Біздің хоккейшілер алдағы уақытта «А» сияқты жоғары дивизиондарда өнер көрсететін болады. Бірақ, тағы қайталап айтамын, біз балалар арасындағы хоккейді ұмытпай, оны дамытуға міндеттіміз», - деді.