Бізге соғыс әкелеріміз бен аталарымыздың баяндауы арқылы да белгілі, солардың бірі - ардагер Ш.Нәжіметдинов жайлы естеліктер
Бағымызға орай, бізге, олардың балаларына соғыс кітаптар мен фильмдер арқылы емес, әкелеріміз бен аталарымыздың әңгімелеуі бойынша таныс. Менің әкем соғыстан тірі болып оралды, мен оның қаһарман-қалаларға барып, Ұлы Жеңіске жеткізген адамдармен қатынас жасап, олардың біздің үйдегі кездесулерімізді ешқашан ұмытпаймын», - деп бастады әкесі жайлы естеліктерін қызы Айман.
- 1939-1940 жылдары, мұғалімдік курстарды бітіріп, Ш.Нәжіметдинов өз өмірін мектеппен мәңгілік байланыстырған секілді еді. Алайда күркіреп келген Ұлы Отан соғысы оның тағдырына түзетулер енгізді. Өзінің жауынгерлік жолын 1942 жылы Волгада минометшілер тобы командирі болып бастады. Майдандық жолдардың мыңдаған шақырымдарын өзінің Сталинградтық механикаландырылған дивизионының 9-ыншы гвардиялық минометтік полкінің құрамында өтіп шықты. Дәл осы 3-інші гвардиялық корпус гитлершілдердің Сталинградтағы жасақтарына жолды бұзып өтуіне тосқауыл болды. Бұл құрамалардың жеке құрамының көп бөлігі Волганың жанындағы далаларда мерт болды, бірақ мақсат орындалды - жау өте алмады.
Әкем Курск шайқасына қатысты, Днепрды көктей өтуге атсалысты. «Жауға соққы» майдандық газеті эпизодтарының бірі жөнінде: «Шаймардан Нәжіметдинов жалғыз өзі сегіз гитлершілдің көзін жойып, 19-ын тұтқынға алды» деп жазды. Белоруссияны азат еткені үшін ол Молодченко қаласының құрметті тұрғыны аталды. Қала мектептерінің бірінде оған арнайы стенд арналды. Өзінің ерліктері үшін ол «Жауынгерлік Қызыл жалау», «Даңқ», «Отан соғысы» ордендері және «Ерлігі үшін» медалімен және т.б. көптеген наградалармен марапатталды.
Қазақстан жауынгерінің өмірбаянының тағы бір маңызды дерегі. Оның батырлығы, батылдығы және шыдамдылығы танымал қеңестік жазушы Александр Самсоновтың «Волгадан Балтыққа дейін» кітабында жазылды. Бұл жерде танктермен шайқас суреттелген болатын, ол туралы авторға мән-жайын айту үстінде Ш.Нәжіметдинов еске алды: «Мен майордан танкке дейін гранаталар будасыменен еңбектеп барып оны жаруға рұқсат сұрадым. Ол тағы бір атып, содан кейін ғана баруды бұйрық етті. Анықталғандай, танк ішінде автоматшылар отырған екен. Жерге секірді, бірақ біздікілер оларды атып түсірді, мен еңбектеп бардым... Бұл кезде оқтардан Назаров, Ховяков және тағы бірнеше жауынгер қаза болды. Танкке дейін сәтті жетіп, гранаталарды лақтырып, жардым. Басқа танктер, мұны көргеннен кейін, артқа шегінді. Қанша жатқаным есімде жоқ, есімді жисам, шынжыр табаны төңкерілген танктің қасындамын».
1945 жылдың көктемінде көптеген майдангерлер үшін соғыс аяқталған еді. Біздің жерлесіміз Пруссиядан Жапонияның Квантундық әскерімен шайқасуды жалғастыруға Қиыр Шығысқа жіберілді. Екі соғыс арасында ерекше жауынгерлік зор еңбегі үшін оған Балтық жағасы майданының құрама полкінің Мәскеудің Қызыл алаңында өткен Жеңіс Шеруіне қатысуды тапсырды, Шеруге қатысушылар арасында жалғыз қазақ болған еді. Жауынгердің соғыстан кейінгі бейбіт еңбектегі өмірі 1951 жылы оны отбасынан қайта айырып, Корея майданына шақырғанда үзілді. Онда ол 1956 жылға дейін қызмет етті.
После возвращения он заканчивает педагогический институт и посвящает свою жизнь просветительству, педагогике.
Қайтып оралған соң педагогикалық институтты тәмамдап, өз өмірін ағартушылыққа, педагог қызметіне арнайды. Алматы облысының Талғар қаласының №2 мектебінің талай оқушы буындары өздерінің тарих мұғалімін ұмытпас. Қарапайым ұстаз талғарлықтардың талайына өмірге жолдама берді. Оның педагогикалық шығармашылығы «Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталды. Талғар көшелерінің бірі оның атымен аталған. Бүгінде балалары мен немерелері өз күшімен мектепте Шаймардан Нәжіметдинов есімімен аталатын тарих кабинетін құрып ашуға ниетті.
«Әкеміздің қасымызда болмағанына 20 жыл болды, биылғы жылы тірі болса, 90 жылдығын тойлар едік... Жанымда мен үшін бекемдік, мақсатқа ұмтылушылық, адалдық пен мейірбандылық үлгісі болатын адам жоқ, бұл ерекшеліктердің барлығы әкемнің жақсы мінездері еді. Әкемсіз өткен 20 жыл ішінде мен жас маманнан медицина ғылымдарының докторына дейінгі ұзақ жолды өттім. Бұл көбіне сол кісінің зор еңбегі. Иә, ол қасымда жоқ, бірақ ойымда «Әрқашан қиын, бірақ жеңу керек». Бұл сөздерін ешқашан ұмытпаспын. Дәл осы ұлы күні мен оған және Ұлы Отан соғысының барлық қаһармандарына бізге берген өмір сабақтары үшін үлкен рахметімді айтқым келеді. Біз есейген сайын олар біз үшін маңызды болып барады. Біздің парызымыз - бұл сабақтарды әрі қарай - олардың немерелері мен шөберелеріне беру. Тек осылай ғана адамзат Жер бетінде бейбітшіліктен маңызды ештеңе жоқ екенін түсенеді. Әкемнің бұл сөздері әрқашан менімен бірге болады», - деді Айман Нәжіметдинова.