Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бизнес индустрияландыру бағдарламасына белсене қатыса бастады - Ә. Исекешев

АНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бизнес ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына белсене қатыса бастады.

Бизнес индустрияландыру  бағдарламасына белсене қатыса бастады - Ә. Исекешев

Бұл туралы бүгін BNews.kz порталында өткен оnline-конференцияда вице-премьер-индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бизнес индустрияландыру бағдарламасына белсенді қатысып жатыр. Әрине, бастапқыда қандай да бір сақтық болды. Қанша дегенмен дағдарыстан кейін жағдай оңай болған жоқ. Үкіметтің көрсеткен жүйелі қолдаулары енді-енді жұмыс істей бастады. Бизнес ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында белсене бастады», деді конференцияда Ә. Исекешев.

Ә. Исекешев өзі басқаратын министрлік отандық және шетелдік инвесторлармен көптеген кездесулер өткізіп жатқанын атап өтті. «Бизнес көптеген жобаларды ұсынуда. Қазір жұмыс белсенді жүріп жатыр. Біздің ойымызша, жобалар қоржыны келесі жылы айтарлықтай көп болады», деді ол. Оның сөзіне қарағанда, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауынан кейін Үкімет бизнес үшін жасалатын жағдайды пысықтап қойды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысуға өңірлерде зор қызғушылық бар.