Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бизнесмендердің барлығы неліктен Павлодарға барғысы келеді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед бизнесмендердің барлығы неліктен Павлодарға барғысы келетінін айтты, - деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бизнесмендердің барлығы неліктен Павлодарға барғысы келеді

Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед «ЗЖБИ Темір Тас» ЖШС үй салу комбинатының ұжымымен және журналистермен кездеседі.

 «Бизнесмендер неліктен Павлодарға келгісі келеді? Өйткені мұнда электр энергиясы өте арзан. Ірі қалаларда, оның ішінде Астана мен Алматыда  тұтынушылар киловатына 12-14 теңге төлейді. Мұнда, осы еркін экономикалық аймақта - 4 теңге. Бұл ең арзаны, - деді ол. - Электр энергиясын қажет ететін кей өндіріс түрлерінде өнімнің өзіндік құнының үштен бірі электр энергиясын құрайды. Сондықтан осы жаққа ұмтылады бәрі. Мұнда жақсы жағдай жасалған. Нарық та жақын. Бұл да маңызды, әрине».