Бизнестің 80-ге жуық саласы бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізілуде - Ғ. Лесбеков

АЛМАТЫ. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Даму» кәсіпкерлік қоры» АҚ-ы маркетингтік зерттеулер жүргізілетін нарықтағы бизнес салаларын жыл сайын 20-ға дейін ұлғайтып келеді. Басқарма төрағасының орынбасары Ғабит Лесбековтың айтуынша, қор бұл шараны «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы аясында жүзеге асыруда.

Бизнестің 80-ге жуық саласы бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізілуде - Ғ. Лесбеков

«Біз өз ісін бастағысы келетін кәсіпкерлерді тек оқытып ғана қоймай, оларды бизнестің 80-ге жуық саласы бойынша тегін маркетингтік зерттеулермен қамтамасыз етеміз. Бұл кәсібін енді бастаған азаматтар үшін өте маңызды. Мамандандырылған арнайы компаниялармен 2010 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан бұл маркетингтік зерттеулер мемлекет есебінен жүргізіледі», - дейді Ғ. Лесбеков. Оның айтуынша, бизнесті бағалау Қазақстанда әлі толық дамымаған. Егер стратегиялық мақсат дұрыс қойылып, оған жету жолдары айқын әрі нақты болатын болса кәсіпкер өз кәсібін дамыту кезінде мемлекет тарапынан жасалатын көмектерге арқа сүйей алады.