Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне арналған «Парыз» байқауына өтінімдер қабылдануда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне арналған «Парыз» республикалық байқауына өтінімдерді қабылдау басталды. 
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз өзіміздің әлеуметтік серіктестеріміз ҚР Кәсіподақтар федерациясымен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және Энергетика министрлігімен бірлесіп, ағымдағы жылы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауын мерейтойлық оныншы рет өткізбекпіз. Сондықтан шараның айрықша датасын ескере отырып, оны «Парыз - табыстың 10 жылы»  деген тақырыппен ұйымдастырамыз»,-  деді вице-министр.

Оның атап өтуінше, «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі байқау ірі, орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында өткізіледі. Байқаудың «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбек қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт» және «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымдары  бойынша жеңімпаздары анықталатын болады.

«2008 жылдан бастап байқау өткізілген аралықта оған еліміздің барлық өңірілерінен 4245 кәсіпорын, жұмыс беруші қатысты. Бұл оның даму қарқыны оң екендігін, бизнестің көзқарасы дұрыс екендігін көрсетеді», -  деді Біржан Нұрымбетов.

Соңғы жаңалықтар