20:03, 06 Қаңтар 2012 | GMT +5
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 3 мыңнан астам кәсіпкерге қызмет көрсетілді - БҚО
ОРАЛ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өткен жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының төртінші бағыты - «Кәсіпкерлік әлеуетін күшейту» бойынша 3 мыңнан астам кәсіпкерге қызмет көрсетілді.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы кәсіпкерлерге қызметтік қолдау көрсету бағытында 6 лот бойынша конкурс өткізген болатын. Соның нәтижесінде, «Алт-Ал Орал» ЖШС кедендік рәсімдер бойынша 136 кәсіпкерге қызмет көрсетті.
«TATU» шағын және орта бизнесті қолдау қауымдастығы ақпараттық технология саласында 504 кәсіпкерге кеңес берді.
«West Consulting Service» ЖШС қызметкерлері 100 кәсіпкердің сапа менеджменті жүйесін енгізу жөніндегі түсініктерін кеңейтті.
«Брит & partner» ЖШС 212 кәсіпкерге маркетингтің қыр-сырын үйретті.
«БҚО кәсіпкерлер қауымдастығы» 1341 кәсіпкерге бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу, есеп, соның ішінде статистиканы түзу жайында қолұшын берді. Тағы 1096 кәсіпкер заңгерлік кеңес алды.