«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге төленген субсидия көлемі 24,1 млрд. теңгені құрады

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттен 2010 және 2012 жылдар аралығында 26,4 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінді.  Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, «БЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде кәсіпкерлерге төленген субсидия көлемі 24,1 млрд. теңгені құраса, осы уақыт аралығында бағдарламаға қатысушылардан бюджетке 58 млрд. теңге көлемінде салық құйылған.

«БЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру екі бағытта өрбуде: кәсіпкерлерді қаржылық және қаржылық емес қолдау. Кәсіпкерлерді қаржылық қолдау аясында несиелік портфелінің көлемі 300 млрд. теңгеден астам  1815 жобаны субсидиялау бойынша келісім-шартқа қол қойылған. Оның ішінде 93 жобаға кепілдеме берілген.

2011 жылдан бастап «БЖК 2020» бағдарламасы кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдауды да қолға алды. Осының аясында 32 мыңнан астам бастаушы кәсіпкер «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша және жұмыс істеп тұрған компаниялардың 1 543 басшылары оқытылып, сонымен қатар, 69 мыңнан астам кеңес беру қызметі көрсетілген.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Даму» қоры кәсіпкерлердің несиелері бойынша пайыздық үстемеақыларды субсидиялаудың және банк алдындағы кәсіпкерлердің несиелерін кепілдендірудің қаржылық агенті болып табылады. Сондай-ақ, Қор бағдарламаның «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» бағытының да операторы.

Соңғы жаңалықтар