«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қолдау көрсетілген Ақмола облысындағы кәсіпорындарға пресс-тур ұйымдастырылды

Пресс-тур барысында «Даму» Қорының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Қазақстан бойынша ШОБ субъектілерінің саны және ШОБ-пен айналысатындардың саны жағынан барынша жоғары көрсеткішке ие облыстардың бірі болып табылатынын атап өтті.
Ақмола облысында тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1991 жылғы 1,2 мың бірліктен 2011 жылдың 1 қарашасында 27 мың бірлікке дейін яғни 22 есе өсті. Бизнеспен айналысатындар саны сол кезден 16 есеге өсіп, 1 қарашадағы жағдай бойынша 118,7 мың адамды немесе облыстың экономикалық белсенді тұрғындарының 26,6 пайызын құрады. Облыстағы шағын және орта бизнес саласында өнім шығару және қызмет көрсету 180 есеге өсіп, 221 млрд. теңгеге жетті. ШОБ-тың жалпы аймақтық өнімдегі үлесі 23.5 пайызды құрайды. Ақмола облысында барлық кәсіпкерлік субъектілерінің жартысынан астамы ауыл шаруашылығымен айналысады.
2011 жылы «БЖК 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен Ақмола облысына 1,3 млрд.теңге бөлінді. ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бағдарламасының 1-ші бағыты бойынша жалпы кредит сомасы 3,2 млрд. теңге болатын 23 өтінімді мақұлдады. 447,3 млн. теңге сомаға 3 жоба келісу үшін, ҚР ЭДСМ-де жатыр. 22 қарыз алушы субсидиялау шартына қол қойды, 107,3 млн. теңге мөлшерінде субсидия төленді. «Кәсіпкерлік секторын сауықтыру» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша, Ақмола облысы бойынша жұмыс тобы 3,1 млрд. теңге сомаға 11 өтінімді мақұлдады. 2,3 млрд. теңге сома болатын 9 шартқа қол қойылды. Нақты төленген субсидия 75,9 млн. теңгені құрады.
ҚР ЭДСМ «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» бағдарламасының 3-ші бағыты бойынша жалпы кредит сомасы 3,2 млрд. теңге болатын 2 өтінімге келісім берді. Үшінші бағыт бойынша нақты 91,5 млн. теңге субсидия төленді. 400 млн. теңге сома болатын 2 жоба келісу үшін, ҚР ЭДСМ-де жатыр.
Пресс-тур барысында республикалық және аймақтық БАҚ өкілдері «Даму» қоры бағдарламаларымен қатар, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша да қолдау тапқан 4 өндірістік кәсіпорынға барды. Бұлар- «Тыныс» АҚ, «Новопэк» ЖШС, «Ramadan Pro» ЖШС, «Milk Project» ЖШС.
«Даму» қоры» АҚ осы күні Ақмола облыстық әкімдігімен бірлесіп «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Семинар-кеңес барысында Ақмола кәсіпкерлері «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының барлық аспектілері бойынша пайдалы әрі ауқымды ақпарат алды. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 4-ші бағыты бойынша «Іскерлік байланыс» жобасы аясында шетелде дәріс алған кәсіпкерлер семинарда сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып отырған «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы өзін қазіргі таңда экономиканы әртараптандыру әрі елді индустрияландыру жолында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың нақты және қолданыстағы құралы ретінде көрсетіп отыр.