«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы экономиканың дағдарыстан кейінгі табысты дамуына лайықты үлес қосады - С.Алпысбаева
және болжау орталығының директоры, экономика ғылымының докторы, профессор Сара Алпысбаева білдірді. Білікті маманның пайымдауынша, бұл бағдарлама жүзеге асыру мақсатында үш бірдей негізгі бағыттардың басын біріктіріп отыр. Атап айтқанда, бизнес бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру және тауарларларын экспорттауға негізделген өндірісті қолдау.
Осы бағыттарға жеке-жеке тоқталып өткен ол «бағдарламаны жүзеге асырудың алғашқы бағдары аясында мемлекеттік қолдау жобаларды жүзеге асыру үшін банктер несиесі бойынша пайыздық ставкаларын субсидиялау, жобаларды жүзеге асыру үшін банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруді жүзеге асыру, өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымдарды дамыту, бизнес жүргізуді сервистік қолдау, әлеуметтік жұмыс орындарын 2011 жылы іске қосылады) ұйымдастыру және жастар тәжірибесіне кадрларды дайындау қажет», дейді.
Ал банк сыйақы ставкасын субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін берілетін, сондай-ақ өндірісті жаңарту және кеңейтуге бағытталған жобалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жаңа несиелер негізінде жүзеге асырылмақ.
«Біздің байқап отырғанымыздай, бұл бағдарлама еліміздің экономиканы диверсификациялау бойынша жүргізіліп отырған саясатының логикалық жалғасы болып табылады және өзіне индустриализация аясындағы бағдарламалық құжаттардың негізгі амалдарын интегриалдап отыр. Сонымен қатар бағдарлама бизнесті қолдау бойынша нақты инструментарийлер береді», дейді ол.
Бұндай амалдар ішкі, сондай-ақ өңірлік нарықтардағы (Кедендік одақ, Орталық Азия елдері) шикізат емес секторлармен тікелей байланысты экономиканың салаларын нығайтуға және құруға мүмкіндік бермек.
Бұл инструменттерді жүзеге асыру перспективті даму мүмкіншілігі бар қазіргі заманауи ипорталмастырғыш өндірісті олардың эспорттық бағыттылығын ескере отырып құру үшін шетелдік инвесторларды тартуға, алдыңғы қатарлы технологияларды трансферттеуге бағытталған қазақстандық орта және шағын бизнес күш-жігерін қолдай түспек.
Бұл орайда екі бірдей, атап айтқанда, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламаларының бір-бірін толықтыра түсетінін тетіктерінің, міндеттерінің, мақсаттарының бір арнаға тығыз тоғысуынан да байқауға болады.
Аталған бағдарламалардың екеуі де біртұтас мақсатқа, атап айтқанда, макро және секторлық деңгейлерде экономикалық саясаттың жүйелі шараларын іске асыру арқылы экономиканы диверсификациялауға, сонымен қатар экономиканың нақты секторлары мен жобаларын қолдаудың сұрыпталған шараларын жүзеге асыруға бағытталған.
Макроэкономикалық анализ және болжау орталығы директорының пікірінше, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасында сараланған экономикалық саясат шаралары жағымды инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін шыңдап, өнімділігінің артуына мүмкіндік береді.
«Қазақстан экономикасының, сондай-ақ Кедендік одақ шарттарына кәсіпкерліктің бейімделу кезеңінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы өзінің заманауи екендігін көрсетеді деп сенемін. Кедендік одаққа ену импорттық баж салықтары ставкасын жоғарлатады. Бұл қазақстандық кәсіпорындар үшін өңдеуші кәсіпорындар нарығындағы бос кеңістікті имендену мүмкіндігіне басымдық берді», дейді профессор.
Дегенмен, С.Алпысбаева өндірістік шығындағы импортаралық тауарлардың, импорттық құралдардың жоғары үлесі отандық өндірушілердің тауарының импорт орнын басуға кедергі болуы мүмкін екендігін де жоққа шығармайды.
«Кедендік одақ аумағында тарифтер көтерілгеннен кейін қазақстандық кәсіпорындар үшінші елдің өндірушілеріне қатысты бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттырады. Алайда, дәл осындай бәсекеге қабілеттілік ресейлік және беларус компанияларында да көрініс табады», дейді ол.
Демек, жаңа нарықтық кеңістікті иемдену үшін отандық өндірушілерді ынталандыратын қосымша шараларды қолға алу қажеттілігі туындайтындығы айқын. Бұндай шаралар пайыздық ставкаларды субсидиялау, салықтық ынталандырулар, экспортқа субсидия беру сияқты тетіктер арқылы көрініс табуы мүмкін. Алайда дәл осы инструментарийлер «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында нақты қолға алынған.
«Олай болса «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру Қазақстан экономикасының дағдарыстан кейінгі табысты дамуына лайықты үлес қосатынына сенімдімін», дейді С.Алпысбаева.
Жалпы алғанда шағын және орта бизнесті дамытуға «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы үлкен серпін беретіндігі анық. Бұл бағдарламадан 2020 жылға дейін шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімге шаққандағы үлесі кемінде 40 пайызды құрауын күтетіндігіміз де шындық. Бұл орайда бағдарламада қарастырылған негізгі шаралар оң шешімін тапса, еліміздің инновациялық кәсіпорындарды ашу мүмкіндігі де өте жоғары екендігін айта кеткен орынды.
Демек, мемлекет кәсіпкерлікті дамыту үшін бірінші кезекте елімізде бизнесті ашу және жүргізу жеңіл әрі қолайлы болуын қамтамасыз етуі қажет. Бұл мақсаттарға жету үшін еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен және монополияларға қарсы күресті күшейтіп, бәсекелестікті неғұрлым дамытуға жағдай жасайтын заңдарды қабылдап, сол заңдарды іске асыру барысындағы келелі жұмыстарды атқару күн тәртібіндегі өзекті мәселердің бірі болып отыр.