«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы кәсіпкерлердің зор өрлеуін туғызды - Мәжіліс депутаты Ш.Өтемісов

СТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Елбасы «Бизнестің жол картасын» жүзеге асыру мәселесіне баса назар аударды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Шафхат Өтемісов Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесуден кейін мәлім етті.
None
None

«Бүгін Жолдау төңірегінде, нақтырақ айтқанда, Жолдау аясында Үкіметтің, атқарушы биліктің, бизнес-қоғамдастықтың алдына қойған Елбасы міндеттеріне қатысты өте тартымды әңгіме болды. Әсіресе, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына ерекше назар аударылды. Бұл - бизнес-қоғамдастықты қолдау жөніндегі бұрын-соңды жасалмаған қадам», дейді Ш.Өтемісов.

Оның айтуынша, депутаттар Мемлекет басшысына «Бизнестің жол картасын» әзірлеу туралы тапсырманың кәсіпкерлердің арасында қандай өрлеу туғызып отырғанын әңгімелеп берді. Елбасы өз кезегінде, аталмыш бағдарламаны қалай жүзеге асыруға болатыны жөнінде ой бөлісті. Кездесу барысында сонымен бірге, бизнесті дамыту жолында еңсеруді қажет ететін кедергілердің әлі де баршылық екендігі атап көрсетілді.

«Президент, кәсіпкерлердің өздеріне үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын түсінулері керек екенін атап көрсетті», - деді депутат.

Соңғы жаңалықтар