Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Бизнестің Жол картасы - 2020» бағдарламасын ақпан айының соңында жүзеге асыруды бастауымыз қажет - Премьер- Министр

sp;АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «Бизнестің Жол картасы - 2020» бағдарламасын ақпан айының соңында жүзеге асыруды бастап кетуіміз қажет.

«Бизнестің Жол картасы - 2020» бағдарламасын ақпан айының соңында жүзеге асыруды бастауымыз қажет - Премьер- Министр

Бүгін үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов осылай атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыста өзінің орынбасары Ербол Орынбаевқа «Бизнестің Жол картасы - 2020» бағдарламасын келесі сейсенбіге дейін тағы бір мәрте егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырған Премьер-Министр, содан соң бағдарлама Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатынын айтты. «Келесі аптада біз 2010 жылға арналған бюджетті нақтылауды аяқтайтын боламыз. Біз осы бағдарламаны және оның қаржылық ресрустарын «Нұр Отан» партиясымен бір пысықтап, олардың қолдауын алуымыз, сындарлы ескертпелерін ескеруіміз қажет. Содан кейін Парламентке барамыз. Айдың соңына дейін нақты механизмдермен және нақты қаржылармен осы бағдарламаны өмірде жүзеге асыруды бастауымыз керек. Мемлекет басшысы берген тапсырмаларға сәйкес таяу уақытта кәсіпкерлік сектор нақты қолдауды алуы тиіс», деді.

Премьер-Министрдің айтуынша, «Бизнестің Жол картасы -2020» бағдарламасы кәсіпкерлердің, банктердің, қауымдастықтардың, мемлекеттік органдардың, ұлттық институттардың, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен егжей-тегжейлі талқыланған.