«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру бірінші кезектегі міндет - ҚР Премьер-Министрі

КӨКШЕТАУ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасын жүзеге асыру - бірінші кезектегі міндет. Бұл туралы ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Көкшетау қаласында өткен кеңесте сөйлеген сөзінде айтты.
None
None

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын дамыту мәселесінің тұтастай республикада да, нақты алғанда Ақмола облысында да өте зор маңызы бар, сондықтан да облыс әкімі, банктер, кәсіпкерлер оған бірінші кезекті маңыз берулері тиіс», - деді К.Мәсімов.

«Елде ақша бар, осы ақшаның нақты өндірушілерге жетуінің зор маңызы бар», - деп атап көрсетті ҚР Премьер-Министрі. Үкімет басшысының айтуынша, «Бизнестің жол картасы-2020» өзіміздің ұлттық өндірісті дамытуға, біздің азаматтарымыз үшін жұмыс орындарын құруға есептелген».

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Премьер-Министрі К.Мәсімов Ақмола облысында жұмыс сапарында жүр.

Соңғы жаңалықтар