«Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 27 млрд. теңге бағыттау көзделіп отыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бизнестің Жол картасы-2020» бұл тек экономикалық емес, ең алдымен саяси мәселе. Қазақстанның сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігі және нақты сектордағы әртараптандырудың тағдыры сайып келгенде осы бағдарламаға бизнестің қаншалықты қосылатындығына байланысты. Ұлттық бизнес Қазақстан экономикасын дамытудың локомотиві болуы тиіс», деді отырыста Премьер-Министр.
Оның айтуынша, «Бизнестің Жол картасы - 2020» бағдарламасының басты мақсаты жаңа жетекші кәсіпорындарды қолдау, сондай-ақ қолданыстағы бизнесті дамытуға көмек көрсету. Ұлттық бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары екі бағытты қарастырады. Біріншісі, жаңа бизнестік бастамаларды қаржылық қолдау. Бұл арада Үкімет өңірлердегі жаңа заманауи кәсіпорындарды құруға қолдау көрсетеді. Екінші бағыт, кәсіпкерлік секторды сауықтыру. Бұл арада дағдарыс кезінде қаржылық қиыншылықтарға тап болған қолданыстағы бизнестерге қолдау көрсетіледі. «Бірінші бағыт бойынша, пайыздық ставкаларды субсиядиялау, жаңа өндірістерді жүзеге асыру үшін несиелерді кепілдендіру қолдаудың негізгі секторы болып табылады. Екінші бағыт бойынша, бизнесті сауықтырудағы мемлекеттің қатысуы бұрын берілген проблемалы кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсиядиялаумен шектеледі», деді Үкімет басшысы.