Бизнестің жол картасы-2020 бойынша Қарағанды облысының 43 кәсіпорнына қолдау көрсетілді
АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Бизнестің жол картасы-2020 бойынша Қарағанды облысының 43 кәсіпорнына қолдау көрсетілді, 10 жобаға инженерлік инфрақұрылымды өткізу мақұлданды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында ағымдағы жылдың жұмыс қорытындылары туралы есеп берген аймақ басшысы Әбілғазы Құсайынов мәлімдеді.
Соның нәтижесінде облыстағы 4 мың жұмыс орны сақталып, жаңадан 600-ден астамы ашылды.
Экономикалық саладағы оң көрсеткіштер аймақтың бюджетіне де әсер етті. Облыс бюджетіне 6 ай бойынша кірістердің түсімдері өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 18,5 пайызға өсті.
Тұрғындарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қорғау, кедейшілік деңгейін төмендету бойынша шаралар қолданды. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 4 бағыты бойынша жұмыстар жалғастырылуда.
Облыс тұрғындарының саны өсті, қазіргі кезде ол 1 млн. 360 мың адамды құрайды.