БҚО әкімі өңірге танымал басшыны қабылдады

ОРАЛ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы Әлібек Сәтбаевты 63 жасқа толуына орай қабылдап, құрмет көрсетті.

БҚО әкімі өңірге танымал басшыны қабылдады

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, кейін Алматы жоғары партия мектебін бітірген Әлібек Сәтбаев комсомол, партия органдарында, басшылық жұмыстарда мол тәжірибе жинақтады. Әсіресе, 1994-2002 жылдары Чапаев, Ақжайық ауданының әкімі болған кезінде абыройлы қызмет атқарып, ел ықыласына бөленді. Содан кейін үш жыл бойы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы болған ол 2005 жылдың қаңтарынан - облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы.

Облыс басшысы Ә.Сәтбаевты 63 жасқа толуына орай құттықтап, ол өзінің ісімен де, болмысымен де ортасына үлгі көрсетіп келе жатқандығын атап өтті.