Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

БҚО әкімі Ораза айт мерекесімен құттықтады

ОРАЛ. 19 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Орал қаласындағы орталық мешітке жиналған жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтады.

БҚО әкімі Ораза айт мерекесімен құттықтады

Облыс басшысы рамазан айында ораза ұстаған халықтың тілегі қабыл, Елбасы бастаған еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын дей келіп, ізгі тілегін білдірді.

Бұл күні қала мешіттеріне айт намазына келушілер көп болды.

Өңір жұртшылығы Ораза айт мерекесін тойлауда.