БҚО әкімі шекарашылардың қаза табуына байланысты көңіл айтып, жеделхат жолдады

ОРАЛ. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Шымкент қаласы маңында әскери-көлік ұшағының апатқа ұшырауына байланысты облыс халқының атынан көңіл айтып, жеделхат жолдады.

БҚО әкімі шекарашылардың қаза табуына байланысты көңіл айтып, жеделхат жолдады

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, онда: «Елбасының маңайына ұйысып, Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттік шекарасының қадасын бірге қадасқан, кірпік қақпастан ел қорғаны болып жүрген алтын асықтай асыл азаматтардың, халқымыздың ардақты ұл-қызының қайғылы қазасын батысқазақстандықтар қабырғасы қайысып қабылдады.

Марқұмдардың барша тума-туысқандарына, әріптестеріне қайғырып көңіл айтамын», делінген.