БҚО әкімінің кеңесшісі жаңа қызметке ауысты

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Осыған дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған Ербол Ғұмарұлы Салықов Батыс Қазақстан аумақтық кәсіподақтар орталығының төрағасы болып сайланды.
None
None

Осыған орай облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов пен ҚР кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов жаңа төрағаны кәсіподақ өкілдеріне таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. Бұған дейін кәсіподақ орталығына басшылық етіп, зейнетке шыққан Самат Оспановқа алғыс айтылды.

Қ.Айтуғанов өз сөзінде кәсіподақтардағы кадр саясатына, алда тұрған мақсат-міндеттерге тоқталды. Қазіргі заманғы талаптарға сәйкес кәсіподақтар да жаңару, бірігу үстінде. Егер 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін республикада 26 салалық кәсіподақ болса, қазір соның 18-і қалды. Кәсіподақ федерациясына 2 млн. 200 адам мүше. Басты міндет жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау болып табылады. Ең бастысы, кәсіпорындарда талас-тартыстарға, жалақыны кідіртуге жол бермеуге күш салу керек. Осы ретте ұжымдық келісімшарттарға, меморандумдарға қол қою маңызды рөл атқарады.
Айта кетейік, Е.Ғ.Салықовтың басшылық жұмыста тәжірибесі мол. Соның ішінде Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары, Шыңғырлау ауданының әкімі, облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 2009 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар