Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

БҚО: Ақжайық ауданының әкімі ауысты (ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Әділ Тауфиқұлы Жоламанов Ақжайық ауданының әкімі болып тағайындалды.

БҚО: Ақжайық ауданының әкімі ауысты (ФОТО)

Бүгін Әділ Жоламановты Ақжайық ауданының әкімі етіп тағайындау туралы өңір басшысының ұсынысын аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан мақұлдады.

2012 жылғы наурыз айынан бері Ақжайық ауданының әкімі қызметін атқарған Нариман Төреғалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Облыс басшысы жемісті қызметі үшін Н.Төреғалиевке алғысын білдіріп, Ә.Жоламановты аудан активіне таныстыра отырып, әкімдік міндетін абыроймен атқаруына тілектестігін білдірді.

Айта кетейік, Әділ Жоламанов - Сырым ауданының түлегі, 1968 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын Сырым ауданында бастап, аудан әкімінің орынбасарлығына дейін көтерілді. 2014 жылғы мамырдан бері БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болды.