БҚО боксшылары ел біріншілігінде жақсы нәтиже көрсетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық боксшылар Степногорск қаласында 2001-2002 жылғы және одан кіші жастағылар арасында өткен ел чемпионатында жақсы нәтиже көрсетті.
None
None

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, барлық өңір командалары қатысқан жарыста Ақ Жайықтан барған Әлихан Батырғалиев 52 келі салмақта чемпион атанса, 42 келіде Нұрсұлтан Нұреденов күміс жүлдені иеленді. Сонымен қатар, Талдықорған қаласында ҚР ІV жазғы спартакиадасы аясында бокстан өткен жарыста батысқазақстандық Алмазбек Орынғалиев 75 келіде қола жүлдені еншіледі. Айта кетейік, төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын ҚР жазғы спартакиадасы 31 спорт түрі бойынша өтіп жатса, БҚО соның 25-іне қатысуда.

Соңғы жаңалықтар