Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

БҚО бойынша монополияға қарсы инспекция ұжымына жаңа басшы тағайындалды

ОРАЛ. 18 маусым. ҚазАқпарат - 16 маусым күні ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары Әлиақпар Мәтішев БҚО бойынша монополияға қарсы инспекциясы ұжымына осы мекеменің жаңадан тағайындалған басшысы Валихан Разовты таныстырды.

БҚО  бойынша монополияға қарсы инспекция ұжымына жаңа басшы тағайындалды

Ә.Мәтішевтің атап өткеніндей, Валихан Әлиханұлы - жергілікті кадр, мемлекеттік және коммерция­лық құрылымдарда жұмыс істеген, тәжірибесі мол. Еңбек жолын № 118 «Уральскмелиорация» жылжымалы механи­­-
каландырылған колоннасын­да бетон құюшы болып бас­-
тап, бірқатар компанияда, об­лыстық салық басқармасын­да, кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде жұмыс істеді. «Алгоритм» технопаркінің директоры болды. Монополияға қарсы инспекциясының бастығы қызметіне Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратынан ауысу тәртібі бойынша тағайындалды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүй­сембаев инспекция бастығы В.Разовқа жаңа қызме­тінде тың табыстарға жетуіне тілектестігін білдірді.

Инспекцияның бұрынғы басшысы Мәлік Мә­дия­ров Қостанай облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясының бастығы болып тағайын­далды.