БҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы екі айға қамауға алынды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының 30 қаңтардағы қаулысымен БҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Валихан Разовқа екі ай мерзімге, 21 наурызға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

БҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы екі айға қамауға алынды

Орал қалалық сотынан түскен мәліметке қарағанда, В.Разовқа ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлімі 3-тармағы (лауазымды өкілеттіліктерін асыра пайдалану) және 361-бабы 2-бөлімі (лауазымды өкілеттіліктерін теріс пайдалану) бойынша айып тағылды. Бұдан бұрын сот В.Разовты он күнге қамауға алған болатын.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро В.Разовты 21 қаңтар күні ұстап, бастапқыда ол «АксайГазПромЭнерго» АҚ бас директоры А.Абзалиловтан жалпы «қамқорлық» көрсетіп, кәсіпкерлік қызметіне араласпау үшін 250 мың теңгеден астам материалдық құндылық түрінде пара алған деп хабарланған болатын.