Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

БҚО-да 12 кәсіпорын жалақыдан 182,7 млн. астам теңге қарыздар болып отыр

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Биыл жыл басынан бері жалақыны уақтылы және толық төлемеушілік бойынша 103 (өткен жылы осы мерзімде - 186) заңбұзушылық тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО-да 12 кәсіпорын жалақыдан 182,7 млн. астам теңге қарыздар болып отыр

БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы Азамат Айтуевтің Орталық коммуникациялар қызметі өңірлік филиалында мәлім еткеніндей, заңбұзушылықты жою мақсатында жұмыс берушілерге 78 (2015 жылы осы мерзімде - 95) ұйғарым берілді. Жалақыны уақтылы төлемегені үшін 56 (78) жұмыс берушіге 10,011 (7,214) млн. теңге әкімшілік айыппұл салынды. Қосымша 16 (14) тексеру қорытындысына сәйкес хаттама толтырылып, сотқа жіберілді. Сот шешімімен 15 (10) жұмыс берушіге 3,425 (2,3) млн. теңге айыппұл салынды. Тағы бір жұмыс беруші бойынша іс қаралуда.

Сондай-ақ БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа ұйғарымды мәжбүрлеп орындату жөнінде 4 (3) талап-арыз жолданды.

Осындай шаралар нәтижесінде биылғы он айда 227 (270) кәсіпорын 2536 (2339) қызметкерге 322,157 (260,0) млн. теңге жалақы қарызын өтеді.

Сонымен бірге сегіз кәсіпорын 119 қызметкерге 168,145 млн. теңге қарыздар болып қалып отыр. Бұлардың біреуі сауықтыру, қалғандары банкроттық рәсімдеуден өтуде. Әсіресе, «Яикская нефтебаза» АҚ 9 қызметкерге 86,717 млн. теңге, «Металл бұйымдары» бірлескен өндірістік кәсіпорны» ЖШС 84 қызметкерге 61,890 млн. теңге берешек.

Оған қоса төрт кәсіпорынға қатысты сот орындаушылары атқарушылық өндірісін қозғады, бұларда 219 қызметкерге 14,57 млн. теңге жалақы қарызы қалыптасқан.

«Күні бүгін барлығы 12 кәсіпорын 338 қызметкеріне 182,715 млн. теңге қарыздар болып отыр. Мұны жою мақсатында тиісті шаралар алынуда», деді А.Айтуев.