Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

БҚО-да 14 жастағы қыздың жүкті болуына байланысты тергеу жүргізіліп жатыр

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Қызылоба ауылдық округінде 14 жастағы қыздың жүкті болғаны жөнінде әлеуметтік желіде ақпарат тарады.

ЭКО, беременность, жүктілік
Фото: Canva

БҚО тұрғыны Жалғас Нығметовтің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлім еткеніндей, оқиға биылғы ақпан айында болған. 

Оның сөзіне қарағанда, қыз ауылда әжесімен бірге, ал жасөспірімнің анасы қалада тұрады.
Осыған орай Kazinform тілшісі БҚО полиция департаментіне хабарласқан еді.

Департаменттің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша тергеу амалдары басталғанын растады.

— Мұндай фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар, сондай-ақ кәмелетке толмағанның құқықтарын қорғау мақсатында жария етуге жатпайды, — делінген ресми жауапта.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда септикке құлап кеткен 8 жастағы қыздың көз жұмғанын жазған едік.