БҚО-да 34 киік мүйізінің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында браконьерлік дерегі тіркелді.

киік мүйізі
Фото: Polisia.kz

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен мәлім еткеніндей, оқиға 26 наурыз күні Жәнібек ауданында болды.

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК БҚО филиалының инспекторлары Жәнібек ауданы полиция бөлімімен бірлесіп, жедел іс-шаралар жүргізді. 

— Соның нәтижесінде «Хантай» қыстауында орналасқан қорадан 34 киік мүйізі табылып, тәркіленді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, — деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда киік өлекселері неге көбейгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар