БҚО-да 34 жұмысшының конституциялық құқығы қорғалып, жалақылары төленді
ОРАЛ. 1 тамыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бөкей ордасы ауданы прокуратурасы кәсіпорындарға жалақыны уақтылы және толық төлеу бағытында мониторинг жүргізген кезде «Орда» МКК-ның 34 жұмысшының мамыр айындағы 470 мың теңге жалақысын төлемегенін анықтады.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталған кәсіпорын жұмысшылар алдындағы шарттық міндеттемелерін орындамаған. Аудан прокурорының ұйғарымына сәйкес бережақ толықтай өтеліп, 34 жұмысшының конституциялық құқығы қорғалды.