16:21, 23 Тамыз 2020 | GMT +5
БҚО-да 4 жасар бала құдыққа құлап кетіп, мерт болды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 4 жасар қыз бала құдыққа құлап кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 23 тамыз күні Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылында болды.
Сағат 10.30-да ересектердің қарауынсыз қалған 2016 жылы туған бала жеке үйдің ауласындағы ашық тұрған, суы бар құдыққа (тереңдігі 2,5 метр) құлап, батып кеткен.
Қыздың денесін жергілікті тұрғындар сағат 10.40-та шығарып алды.
Бұл – Жаңақала ауданында биыл орын алған екінші қайғылы оқиға.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да екі баланың құдыққа құлап, қаза тапқанын жазған болатынбыз.