БҚО-да 51,8 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді

ОРАЛ. 19 қазан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы тоғыз айда 51,8 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді, бұл өткен жылғыдан 5,9 пайызға артық.

БҚО-да 51,8 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 20,0 млрд. теңгенің өсімдік, 31,3 млрд. теңгенің мал шаруашылығы өнімдері өндірілді.

Жыл басынан бері тірілей салмақта 51,7 мың тонна мал мен құс еті (100,9 пайыз), 194,2 мың тонна сүт (94,9 пайыз), 105,9 млн. дана тауық жұмыртқасы (104,7 пайыз) өндірілді.

Биылғы 1 қазандағы есеп бойынша 422,4 мың ірі қара (өткен жылғы осы мезгілмен салыстырғанда 91,1 пайыз), 776,9 мың қой (101,4 пайыз), 205,1 мың ешкі (95,3 пайыз), 81,6 мың жылқы (113,3 пайыз), 3,5 мың түйе (94,9 пайыз), 26,3 мың шошқа (87,7 пайыз), 992,3 мың бас құс санаққа іліккен.