Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

БҚО-да 608,8 мың адам тұрады

ОРАЛ. 12 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 608,8 мың адам тұрады.

БҚО-да 608,8 мың адам тұрады

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, соның 47,8 пайызы немесе 291 мыңы қалада тұрса, 52,2 пайызы немесе 317,8 мыңы ауыл тұрғындары болып отыр.

Биылғы екі айдың өзінде облыс халқы 816 адамға көбейді. Әсіресе, қала тұрғындары 1333 адамға артса, ауылдықтар керісінше 517 адамға азайған.