Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

БҚО-да агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 4386,6 млн. теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді

ОРАЛ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биыл агроөнеркәсіп кешенін дамытуға мемлекет тарапынан 4386,6 млн. теңге бөлінді, бұл өткен жылғыдан 22,3 пайызға артық.

БҚО-да агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 4386,6 млн. теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді

Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде республикалық бюджеттен 3490,15 млн. теңге, облыстық қазынадан 896,45 млн. теңге қарастырылды. Оған қоса ауыл шаруашылығы құрылымдары «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ облыстық өкілдігі арқылы 2657,1 млн. теңге несиеге қол жеткізді.

Биылғы сегіз айда өңірде 44,54 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді, бұл былтырғыдан 0,8 пайызға көп.

Облыста 55,7 мың гектар күздік бидайдан 39,4 мың тонна өнім алынып, әр гектарға 7 центнерден келді. Жаздық бидайды ору әлі жалғасуда. 17 қыркүйекке дейінгі мәлімет бойынша, 270 мың гектардың 233,1 мыңы немесе 86,3 пайызы орылып, әр гектарға 6,5 центнерден (алынған өнім 149,2 мың тонна) айналуда. Егіс науқанын аяқтауға жауын-шашын кедергі келтіріп тұр.

Облыста барлық мал басы артып келеді. «Сыбаға» бағдарламасына сәйкес жыл басынан бері 70 шаруа қожалығы 567,5 млн. теңге несие алып, жылдық жоспардағы 2100 бастың орнына 2790 бас аналық мал және 164 асыл тұқымды бұқа сатып алды.

Қыстаққа алаңсыз кіру үшін 1036 мың тонна пішен қажет болса, соның 948,3 мыңы немесе 91,5 пайызы дайындалды.