БҚО-да «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша 1 005,4 млн. теңгенің 5 жобасы жүзеге асырылуда

ОРАЛ. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жағырту бағдарламасының бірінші тетігі бойынша 312,5 млн. теңгеге  тұрғын үйді жөндеу жұмыстары жүргізілсе, бес аудандағы  29 үйдің жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. 
None
None

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, бағдарламаның екінші тетігі бойынша облыс бойынша жөндеуге жоспарланған 77375,77 шаршы метрді құрайтын 85 үйдің  қазіргі уақытта 31851,4 шаршы метрді құрайтын 46-сында жөндеу жұмыстары аяқталды. Қалған 39 үйде жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін биыл 1 005,4 млн. теңгеге 14,5 шақырым су құбырлары желілерінің құрылысын қарастыратын «Ақбұлақ» бағдарламасы шеңберінде  5  жоба жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар