Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

БҚО-да алаяқтықпен, сондай-ақ бопсалаушылықпен айналысқандар қолға түсті

ОРАЛ. 30 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО ішкі істер департаменті және Орал қалалық ішкі істер басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері алты рет алаяқтық жасаған азаматты қолға түсірді.

БҚО-да алаяқтықпен, сондай-ақ бопсалаушылықпен айналысқандар қолға түсті

Департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, алаяқ дүкендерге өртке қарсы қызметтің қызметкерімін деп барып, техникалық ақауларды анықтаған болып, сатушыларынан ақша алып отырған. Мысалы, ол 12 қаңтар күні Оралдағы «Көктем» дүкенінен 7 мың теңге, 16 қаңтар күні Деркөл кентіндегі «Азия» дүкенінен 10 теңгені және «Нұр» дүкенінен 6 500 теңгені алдап алып кеткен. Сол күні ол «Азық-түлік» дүкеніне де барып, 6 мың теңге алған. 19 қаңтар күні оның «Досааф» аялдамасындағы «ВТШ 24 часа» атты дүкеніндегі сатушының басқа жаққа назарының ауғанын аңдып, кассадағы 42 мың теңгені алып кеткені белгілі болды.

27 қаңтар күні 40 жасар Зашаған ауылының тұрғынынан полицияға арыз түскен. Белгісіз біреулер оны «Сулпак» сауда үйіне күштеп апарып, 741 мың теңгеге несие рәсімдеткен. ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлініс сарбаздары жедел іс-шаралар барысында оқиғаның «ізін суытпай» ашты. Олар облыс орталығының 40 жастағы - екі, 30 жастағы - екі, 28 және 46 жастағы тұрғындарын құрықтады. ҚР ҚК 181-бабына сәйкес (бопсалау фактісі бойынша) қылмыстық іс қозғалды.