БҚО-да алты жасар қызды зорлады деген күдікті қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жәнібек ауданында алты жасар қызды зорлады деген айып тағылған күдіктіге қатысты ҚР ҚК 120-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін аталған күдікті сот қаулысымен қамауға алынды. Бірқатар сараптама тағайындалды.
«Оқиға 26 қазан күні Тау ауылдық округінде орын алды. Жедел тергеу шаралары барысында күдікті анықталып, қылмыс ашылды. Қазір іспен облыстық ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы айналысуда», - деді Жәнібек аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ертай Қарағойшиев.