09:02, 01 Қаңтар 2014 | GMT +5
БҚО-да аудан әкімдері ақсақалдарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады
ОРАЛ. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Ақжайық ауданының әкімі Нариман Төреғалиев аудан орталығы Чапаев ауылында тұратын Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, тыл және еңбек ардагерлерін үйлеріне барып, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Аудан басшысы аға буынның еліміздің алға басуындағы еңбегі мол екенін атап көрсетіп, оларға ұзақ ғұмыр, өмір бақытын тіледі.
Сол секілді Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков бастаған басшылар соғыс ардагерлері Уәлихан Қасмұханов, Мырзахмет Өтешев, Ләтифолла Кереевтердің шаңырақтарына ат басын бұрып, жаңажылдық лебіздерін арнады. Майдангерлердің хал-жағдайын біліп, емен-жарқын әңгімелесті.
Аудандар басшылары елге еңбегі сіңген ардагерлерге облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың құттықтау хатын, естелік сыйлықтарды табыс етті.
Мұндай құрмет үшін ақсақалдар алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.