09:25, 22 Желтоқсан 2013 | GMT +5
БҚО-да ауылдық жерде ғаламтор қызметін пайдаланушылар саны 11,8 пайызға өсті
ОРАЛ. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ауылдық жерде ғаламтор абоненттерінің саны 13,3 мыңға жетіп, өткен жылғыдан 11,8 пайызға артты.

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, ауылдық жерде сондай-ақ 54,2 мың телефон желісі тіркелген, бұл өткен жылғыдан 1,1 пайызға көп. Ауылдық жерде байланыс қызметінен түскен табыстың 41,4 пайызы - жергілікті телефон байланысы, 22,1 пайызы - ғаламтор, 15,9 пайызы қалааралық және халықаралық телефон байланысы үлесінде.
Биылғы он бір айда электрлік байланыс кәсіпорындары 1503,2 млн. теңгенің қызметін көрсетсе, пошта және курьерлік мекемелер еншісінде - 44,9 млн. теңге.