БҚО-да айлық жалақы 92 мың теңгеден асты
ОРАЛ. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында бір қызметкердің орташа жалақысы 92059 теңгеге жетті.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, ең жоғары еңбекақы деңгейі өнеркәсіпте - 161,1 мың теңге (орташа облыстық деңгейден 1,8 есеге артық), құрылыста - 124,0 мың теңге (1,3 есе), қаржы және сақтандыру қызметінде - 114,3 мың теңге (1,2 есе), ақпарат және байланыста 111,6 мың теңгені (1,2 есе) құрап отыр. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығында, мұнда орташа жалақы облыстық көрсеткіштің 52,8 пайызына тең.
Аумақтық жағынан алғанда, ең жоғары жалақы Бөрлі ауданында (187,8 мың теңге), бұл облыс бойынша орташа деңгейден 2,0 есеге артық.