Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

БҚО-да балалар қылмысы 20 пайызға азайды

ОРАЛ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - 2012 жылы Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы «Балалар - біздің болашағымыз!» атты бағдарламаны жүзеге асырды.

БҚО-да балалар қылмысы 20 пайызға азайды

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, кәмелетке толмағандар құқығының сақталу заңдылығын қадағалау барысында өткен жылы заңбұзушылық алты есеге (1162-ден 6111-ге) өсті, ықпал ету актілері бойынша адамдар әкімшілік жауапкершілікке үш есе, тәртіптік жазаға 1,5 есе көп тартылды. Балалардың конституциялық құқығын қорғау 2 есеге (16931-ден 32555-ке) көбейсе, бюджет пайдасына өндірілген қаржы көлемі 161 мыңнан 42 млн. теңгеге дейін жетті.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде балалар қылмысы өткен жылдың он бір айында 200-ден 160-қа немесе 20 пайызға төмендеді (республикалық көрсеткіш - 13 пайыз). Қылмыс жасауға қатысқан жасөспірімдер саны 287-ден 207-ге дейін, соның ішінде мектеп, лицей, гимназия оқушыларының саны 224-тен 147-ге дейін кеміді.

Орал қаласы, Бөрлі, Теректі, Қазталов ауданы прокурорларының бастамасымен 69 отбасыға (200 адам) 1,4 млн. теңге әлеуметтік жәрдемақы берілді.

Облыстың 12 орта және 2 арнаулы орта білім беру мекемелерінде бейнебақылау камерасын орнатуға, 33 спорт алаңы құрылысына 257 млн. теңге бөлінді. 63 жедел топ құрылып, қылмыстың тез ашылуына ықпалын тигізді.