07:58, 04 Маусым 2013 | GMT +5
БҚО-да басқармалар басшылары табыстарын жария етті
ОРАЛ. 4 маусым. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстанда «Нұр Отан» ХДП-ның «Өзіңнен баста» шарасына орай мемлекеттік қызметшілер өз табыстарын жария етуді жалғастыруда.

БҚО Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Махамбет Ихсанғалидің айтуынша, оның айлық жалақысы - 189627 теңге. Орал қаласында үш бөлмелі пәтері бар.
Айына осыншама көлемде еңбекақы алатын облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Айдар Батырхановтың төрт бөлмелі пәтері бар.
БҚО Жер қатынастары басқармасының басшысы Ғабит Жанғалиевтің биылғы қаңтардан маусымға дейінгі табысы 676136 теңгені (айлық жалақысы - 139730 теңге) құрады. Орал қаласында пәтері бар.
Жылжитын немесе жылжымайтын мүлкі жоқ БҚО Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекеттің айлық табысы - 168486 теңге.