БҚО-да «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы жалғасуда

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы жалғасуда.
None
None

Бұған дейін Теректі ауданы бөрліліктерге эстафетаны тапсырған болатын. Ал 11 наурыз күні Бөрлі ауданының әкімі Марат Түсіпқалиев бастаған делегация Шыңғырлау ауданына барып қайтты.

Өңірде 1 наурызда бастау алған мегажоба Шыңғырлау жерінде алдымен балалар және жа​сөспірімдер спорт мектебінде екі ауданның спортшылары арасындағы волейбол және ша​ғын футболдан жолдастық кездесуден басталды.

Шыңғырлау ауданы әкімі Алдияр Халелов көр​ші аудан арасындағы достық пен ынтымақтастықтың жалғаса беруін тілесе, Марат Түсіпқалиев те жылы шыраймен қарсылап алған аудан басшылығына ризашы​лығын білдіріп, шыңғырлаулық спортшыларға спорттық жабдық​тарды табыс етті. Бұл кездесулер бөрлілік спортшылардың же​ңісімен аяқталды. Ал «Бейбіт​шілік пен келісім - мәңгілік ел​дің тұтқасы» тақырыбындағы дөңгелек үстел «Нұр Отан» партиясы Шыңғырлау аудандық фи​лиалының мәжіліс залында өтті. Онда мегажобаның негізгі мақсаты мен міндеті ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайту, достық қарым-қатынасты арттыру, патриоттыққа, елжанды​лыққа тәрбиелеу екені аталып өтілді.

Мегажоба аясындағы келе​сі шара мәдениет үйінде ұйымдастырылған көрме болды. Бұл Бөрлі ауданындағы мектептен тыс жұ​мыс орталығы мен өнер мекте​бінің, Ақсай қаласындағы алты мек​теп​тің дайындап апарған қолөнер бұйымдары мен түрлі сурет-картиналарынан дайындалған көрме ерекше өнер иелерінің еңбегін паш етті. Сонымен қатар қазақ, корей, әзірбайжан, еврей, украин, армян және өзбек ұлты өкілдері өздері дайындаған мол дастарқанымен көпшілікке қо​нақ​​жайлылық көрсетті. Одан әрі ша​ра Бөрлі ауданы көркемөнерпаздарының концертіне ұлас​ты.

Мегажоба аясында Шыңғырлау ауданы делегациясы 13 наурыз күні Қаратөбе өңіріне барып, өнер көрсетпек.

Соңғы жаңалықтар