БҚО-да бірнеше бизнес-жоба мақұлданды

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағыты - «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бойынша қос жоба қаралып, кеңес мүшелерінің батасын алды. «Дускалиева Асылганым Хасеновна» ЖК жобасының мақсаты - стоматологиялық кабинет ашу. Жоба «Ресей жинақбанкі» АҚ бөлімшесі арқылы жүзеге аспақ. «Резниченко Светлана Владимировна» ЖК жолаушылар көлігіне «Цеснабанк» АҚ арқылы қол жеткізбекші.
Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағытында «Park Hotel» ЖШС-ның (негізгі қызметі - мейманханалар, қоғамдық тамақтандыру, туризм) жобасы қолдау тапты. Бұлар «Демалыс және туризм базасы» жолына электр желісін жүргізіп, жарықтандырмақшы, сондай-ақ база ғимаратын сумен қамтымақ.
Бағдарлама қолға алынғаннан бері БҚО бойынша үйлестіру кеңесі бірінші және үшінші бағыттар бойынша 47 жобаны жөн деп тапса, соның 33-іне демеуқаржы бөлу жөнінде келісім жасалды.