БҚО-да «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында мақұлданған жобалар саны 105-ке жетті

ОРАЛ. 15 тамыз. ҚазАқпарат -  «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында БҚО-да шағын және орта бизнес нысандарының жалпы сомасы 12 млрд. теңге тұратын 105 жобасы мақұлданды.

БҚО-да «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында мақұлданған жобалар саны 105-ке жетті

 Оның ішінде үш жоба БҚО аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қаралып, бекітілді.

«Исаев» ЖК Орал қаласында нан өнімдерін шығарып, сатумен айналысады. Нан өнімдерін тарату мақсатында көлік алу үшін үшін, сондай-ақ пірәндік пен печенье өндірісі үшін қондырғылар алуға банктік несиенің пайыздық мөлшерлемесіне демеуқаржылық көмек алады. Тағы бір мақұлданған жоба -«Щапов» шаруа қожалығының жобасы. Ол жабық түрде жылына 12 мың бас шошқа өсіретін кешен құрылысын салуға бағытталған. Ал «Жайык Hyundai Motors» ЖШС мемлекеттік бағдарлама аясында жүк көліктері мен арнайы техникаларды әкелуді жоспарлауда.