БҚО-да «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес нақты жұмыстар атқарылды

ОРАЛ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес нақты жұмыстар атқарылды.
None
None

«БҚО кәсіпкерлер қауым­дас­тығы» ЗТБ-ның ат­қа­рушы директоры Миржан Сат­қановтың айтуынша, кәсіп­керлерге бухгалтерлік және са­лық есебін жүргізу, есептілікті құрастыру, статистикалық есептілікті құрастыру және заңгерлік кеңестер беру қызметтері сынды бағыттағы екі лот бойынша жеңімпаз деп танылған атал­мыш бірлестік ұжымы өз мойнына алған міндеттерді толығымен және сапалы орындап шықты. Әсіресе, ауыл-аймақтағы кәсіпкерлермен көп жұмыстанған. Қауымдастық жобаны орындаушылармен бірге облыстың 1341 кәсіпкеріне қызмет көрсеткен. Соның ішінде 965 адам мұндай қызмет көмекті бірінші рет алды. №4 лот бойынша (заңгерлік қызметтер) 1096 кәсіпкерге кеңестер бе­ріл­ген. Сервистік қызметпен тек аудан орталықтары ғана емес, ауылдық округтер де қам­тыл­ған.

«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы облыста екінші жыл жүзеге асуда. Өткен жылы бағдарламаны орындауға 546 млн. теңге, биыл одан үш есе көп, 1,5 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінді. Соның ішінде сервистік қызмет көрсету жұмыстарына 200 млн. теңге қаралды. Алдын ала жасалған болжам бойынша, биыл шағын кәсіпкерліктің 2800 субъектісі сервистік қызметті пайдалан­ған.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім бастығы Галина Гурьянованың мәлімдеуінше, «Бизнестің жол картасы -200» бағдарламасы әлеуметтік сипатқа ие. Өйткені жаңа жобалар жандануда, өндіріс орындары іске қосылуда, соған орай жаңа жұмыс орындары ашылуда. Алдағы 2012 жылға облысқа республикалық бюджеттен 755 млн. теңге бө­лінген. Әзірге оның 200 млн. тең­гесі сервистік қызмет көр­сету жұмыстарына қаралған. Сондықтан облыстық мәслихат алдына бұл қаржы көлемін ұл­ғайту жөнінде мәселе қойылмақшы.

Соңғы жаңалықтар