БҚО-да бөлшек сауда айналымы 13,3 пайызға өсіп отыр

ОРАЛ. 20 қазан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы тоғыз айда 79,7 млрд. теңгенің бөлшек тауары сатылды.

БҚО-да бөлшек сауда айналымы 13,3 пайызға өсіп отыр

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның 29,7 млрд. теңгенің тауарын - сауда кәсіпорындары, 50,0 млрд. теңгенікін базарлар мен жеке кәсіпкерлер өткізген.

Ірі және орта кәсіпорындар 14,9 млрд. теңгенің (18,7%), шағындары 14,8 млрд. теңгенің 18,6%), жеке кәсіпкерлер 33,6 млрд. теңгенің (42,1%), базарлар 16,4 млрд. теңгенің (20,6%) тауарын сатқан.

Өңірдегі көтерме сауда көлемі 111,7 млрд. теңгеге жетті, бұл өткен жылғыдан 0,9 пайызға артық.