БҚО-да бөлшек сауда көлемі 98,6 млрд. теңгеге жетіп, 11,3 пайызға өсіп отыр
ОРАЛ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он бір айда жедел деректер бойынша бөлшек сауда көлемі 98,6 млрд. теңгеге жетті.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде сауда кәсіпорындары 35,6 млрд. теңгенің, базарлардағы сатушылар мен жеке кәсіпкерлер 63,0 млрд. теңгенің тауарын өткізді.
Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда бөлшек сауда көлемі 11,3 пайызға өсіп отыр.