22:35, 19 Ақпан 2026 | GMT +5
БҚО-да Чапай елді мекенінен Атырау облысы шекарасына дейін жол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.
— 2026 жылғы 19 ақпан сағат 23:00–де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-РФ шек.» 189-375 шақырым аралығы (Чапай елді мекенінен Атырау облысының шекарасына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі. Жолды 2026 жылғы 20 ақпан сағат 09:00–де ашу жоспарланған, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бұған дейін шығыстағы екі облыста көлік қозғалысы шектелгенін жазғанбыз.