БҚО-да денсаулық сақтау саласына ел қазынасынан 7 млрд. 776 мың теңге бөлінді

ОРАЛ. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биыл мақсатты трансферттер бойынша республикалық бюджеттен 7 млрд. 776 мың теңге бөлінді.

БҚО-да денсаулық сақтау саласына ел қазынасынан 7 млрд. 776 мың теңге бөлінді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамидолла Ирменовтің бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім еткеніндей, 1 желтоқсанға 6 млрд. 123 млн. 811 мың теңге игерілді. Қалған қаржы жыл аяғына дейін өз мақсатына жұмсалмақ.

Елбасының 350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт, емхана салу жөніндегі тапсырмасына сәйкес биыл 1936,8 млн. теңге қаралып, ол қаржы он айда толықтай игерілді. Соның нәтижесінде үш емхана құрылысы аяқталды. Сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 567,1 млн. теңгеге бес дәрігерлік амбулатория салынып, пайдалануға берілді.

«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында қалалық көпбейінді аурухана құрылысы жалғасуда. Бұған ел бюджетінен 1450,0 млн. теңге қаралып, соның 96 пайызы (1398,7 млн. теңге) игерілді.